«Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 24 қаңтардағы № 75 бұйрығы

«Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 24 қаңтардағы № 75 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18493 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 11-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2026 жылғы 24 қаңтардағы

№ 75 бұйрыққа қосымша

 

 

Атқарушылық құжатты қайтару туралы

ҚАУЛЫ

 

 

Жеке сот орындаушысы_________________________________________________________________

 (жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және тегі)

 _____________________________________________________________________________ негізінде

 қозғалған (атқарушылық құжаттың атауы, атқарушылық құжатын берген соттың немесе

органның атауы, берілген күні)

 20_______ жылғы «_______»____________________________________________________________

атқарушылық іс (атқарушылық құжаттың талаптары, өндіріп алушы мен борышкердің

деректемелері) жүргізу материалдарын қарап,

 АНЫҚТАДЫ:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.